Фото: Видеодан алынған кадр
Ақтауда екі иттің үйлену тойы өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтаулық тұрғын қаладағы мейрамханалардың бірінде екі иттің тойын жасап, әлеуметтік желіге шығарған. Желі қолданушыларының басым бөлігі той өткізгендерді сынап тастады.
Оқырмандар мұны «дарақылық, ессіздік», «той деген ұғымның мәнін кетіру», «хайп үшін жасалған арзан шоу» деп бағалады.
Еске салайық, бұған дейін 50 жасын перғауын кейпінде тойлаған Жаңаөзен қаласының тұрғыны қызу талқыға түскен еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!