Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін таңнан бастап, қалада қоғамдық көліктер жүрмей қалған. Салдарынан тұрғындар күтпеген жерден тығыраққа тірелгенін айтып, шағымданып жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM.

-3 А автобусын ұзақ күттік. Қасымызда тұрған жолаушылар болып 2 ГИС-ті қарасақ, қалада мүлде қоғамдық көлік жоқ екен. Жаяу кетуге тура келді. Бүгін такси жүргізушілердің жолы болды, – дейді тұрғындардың бірі.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Тек санаулы бағыттардың автобустары жұмысқа шықпаған.

-Қазір Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автопаркпен хабарласып, жағдайды анықтап жатыр, – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!