Ақтауда жанармай құю бекетінде өрт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Өрт 16 қазанда Ақтаудың 19А ықшам ауданында болған. Қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясының ғимаратындағы бөлмелердің бірінде өрт шыққан.
Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген бейнежазба пайда болды.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Қоқыс өртенді. Өрттің ауданы – 30 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!