Полицияның кезекші бөліміне таңғы сағат 7:20-да хабарлама түскен.
Ақтауда жас жігіт суицид жасады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның кезекші бөліміне таңғы сағат 7:20-да хабарлама түскен.
«102 кезекшінің пультіне 4-шағын ауданда жас жігіттің биіктен құлағаны туралы қоңырау түсті. Жедел тергеу тобы шақыруға шықты. Жағдайды анықтау барысында жас жігіт 6-қабаттан құлағаны белгілі болды», – дейді ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша полицияда тіркелді. Тергеу басталды.
Фото: Pixabay
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!