Фото: видеодан алынған кадр

Ақтауда көлік өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті. Оқиға 8 наурызда шамамен сағат 13:50-де болған.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барды.

Өрт сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!