Фото: Freepik

Тергеу мәліметтері бойынша, жан ұшырған қыз 112 нөміріне қоңырау шалған. Бірақ қоңырауды қабылдаған маман бала ойнап жатыр деген оймен еш мән бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Абылайхан Бержановқа ҚР ҚК 371-бабының 1-бөлігі «немқұрайлылық» бойынша айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол отбасына шабуыл туралы хабарлаған баланың қоңырауын байыпты қабылдамаған.

Егер сотта маманның кінәсі дәлелденсе, оған 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қандай оқиға?

Оқиға биыл наурыз айында Ақтөбе облысында болды. Тергеу мәліметтері бойынша, Әлішер Елеуов мас күйінде тонауға болатын пәтер іздеп, аулаларды велосипедпен жүріп өткен. Жеңіс даңғылындағы үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, ер адам пәтерлердің бірінде ашық балкон терезесін көреді. Осылайша ол қалың ұйқыда жатқан Гетиндер отбасының үйіне кіреді. Үйде Екатерина және оның балалары (16 жастағы студент Вадим және алтыншы сынып оқушысы София) болған еді.

Айыптаушы тараптың айтуынша, қарақшы құнды заттарды іздеген. Екатерина оянғанда оны пышақтап өлтірген. Әйелдің айқайынан оның ұлы оянды, ол да аман қалмады.

Осы шудың бәрінен оянған София бөлмесінен шығып, қанға малынған отбасы мүшелерін көреді. Қызды байқаған қарақшы оған да шабуыл жасады. Бір сәтте қыз есінен танып, қарсылық танытпайды. Қарақшы оны өлді деп ойлап, пәтерден із суытады.

Айыпталушы сотқа дейін өмір сүрген жоқ

София есін жиған соң жедел жәрдем нөмірін теруге тырысты. Ол смартфонның құлыптау түймесін алты рет басып, автоматты түрде құтқару қызметіне қоңырау шалады. Дәрігерлер баланы құтқарып үлгерді.

Кейін сәуір айында полиция Елеуовты ұстады. Ол сотқа жетпей, тергеу изоляторының камерасында өз-өзіне қол жұмсады.

Төтеншелік маман неге кінәлі?

Зардап шеккен қыздан алғашқы жауап алғаннан кейін полиция құтқару операторына қатысты іс қозғады. Жақында оны Ақтөбе қылмыстық сотына тапсырды.

Тергеу барысында баланың 112 қызметіне бірнеше рет қоңырау шалуға тырысқаны белгілі болды. Айыптаудың нұсқасы бойынша оның қоңырауларын жедел кезекшінің көмекшісі Абылайхан Бержанов қабылдады. София операторға болған оқиғаны түсіндіруге тырысты және жедел жәрдем шақыруды сұрады. Алайда, Бержанов мұның бәріне сенбеді.

Осыдан кейін София есінен танып қалды. Кейін бірнеше рет 112-ге жетуге тырысты. Тергеу мәліметтері бойынша, тек 55 минуттан кейін төтеншелік маманның «жедел жәрдемге» қоңырау шалғаны анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!