Ақтөбеде өз әжесін алдаған 18 жастағы жігіт сот үкім шығарды. Немересі әжесінің атына 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген. Зейнеткер бұл туралы банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбенің 18 жастағы тұрғыны әжесінің сенімін пайдаланып, оның смартфонынан 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн-кредиттер ресімдеген. Осылайша әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған. 

Жақын адамына алданған әйел қазір несиесін өтеп жатыр. Бұл ретте сотта ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұраған. 

Дегенмен жігіт бас бостандығынан айыру жазасынан қашып құтыла алмады. Жәбірленуші оны кешіргенін айтты. Алайда жігіттің бұған дейін соттылығы мен шартты мерзімі бар екені белгілі болды. Оған бүған дейін тонағаны және ұрлық жасағаны үшін ювеналды сот 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!