Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болды.

– Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе тұрғыны орталық мешітке барып, есік алдында өзін бөгеп тұрған ер адам туралы жазды. Кейін бұл оқиға көпшілік арасында кең тарап, талқыға түсті.

Бұған деййін өзін блогермін деп таныстырған ақтөбелік сотталды. Ол жұмысқа орналастырамын, алкоголь сатуға рұқсат алып беремін және құжаттарды реттеуге көмектемесін деп сенімге кірген. Блогерге 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!