Ақтөбеде тоғыз жастағы бала бидайға арналған резервуарға құлап, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Учаскелік инспекцияның кәмелетке толмағандар ісі бойынша полициясы Элеваторная көшесінде орналасқан бидайға арналған резервуардан ауыр жадғайдағы баланы тапты. Ол ойнап жүріп тереңдегі 10 метр резервуарға құлап кеткен. Полиция және құтқарушылар бірігіп баланы алып шықты. Қазір бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде», – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Баланың жоғалып кеткені 30 мамырда белгілі болған.

«Шамамен 23:31-да 102 пультіне Жанқожа батыр көшесіндегі үйдің ауласында 2013 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері іздеу шараларын ұйымдастырып, бала болуы мүмкін барлық орындар тексерілді», – деді полицейлер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!