Ақтөбенің ең үлкен бассейнінде бес жыл бойы су ауыстырылмаған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спорт кешені басшылығының айтуынша, бассейннің суын ауыстыру тым қымбат. Сол себепті бес жыл бойы суды ауыстырмай жай ғана хлорлап келген.
Ақтөбе бассейнін тексеру туралы мәселе қараша айының басында көтерілген болатын. Ата-аналар сабақтан кейін балаларда аллергиялық бөртпе, жөтел пайда бола бастады деп шағымданды. Мұның барлығы судағы хлордың тым көп болуына байланысты дейді ата аналар. Жазда дәл осы «Достық» спорт кешенінде келеңсіз оқиға орын алды, жарыс кезінде 12 қатысушы ауырып, тіпті ауруханаға жеткізілген болатын. Олар реактивті затпен уланған деген болжам болған. Енді белгілі болғандай, басшылық үнемдеу мақсатында бес жыл бойы бассейн суын ауыстырмай келген.
“Су соңғы рет 2017 жылы ауыстырды, су ауыстыру – өте қымбат процес. Сүзгілер жақсы жұмыс істейді. Бірақ біз қазір сүзгілерді де тексеріп жатырмыз. Бұл өте қымбат. Қайталап айтамын, 7 млн теңге”, – дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әділбек Дильжанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!