Фото: stan.kz
Ақтөбеде жергілікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 желтоқсан күні «Аяла» бейімдеу орталығынан үш кәмелетке толмаған қыздар – Мырзакенова Манар, Тезекбаева Әмина және Дошонова Жұлдызай қашып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды жалдамалы пәтерден тапты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасында.
Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!