Ақтөбеде полиция формасын киіп, қаланы аралап жүрген мас күйде болған қыз ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция ұсынған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.
19 мамырда жедел басқару орталығының 102 телефонына «Есет батыр» микрорайонында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған мекен-жайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізген.
Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілгені айтылады.
Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!