Биыл Арал ауданында өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп орындары бойынша өсім 14,7 пайызды құраған. Әрине, айдынды Арал десе алғаш ойға оралатыны – балық. Биыл ауданның балық өндіру жұмыстары бойынша көші ілгері. Түрлі жобалар дайындалып, сала айтарлықтай даму жолында. Осы және өзге де атқарылған ауқымды жұмыстар легін Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді.

– Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 70 пайызы өңдеу саласына тиесілі болып, 19,8 пайызға өсті. Жыл басынан бері 460 мыңға жуық тонна тұз, 87,4 мың текше метр табиғи құм қазылып, 158,2 мың тонна йодталған тұз өндірілген. Сондай-ақ 3249 тонна балық және балық өнімдері өндірілді,-деді Аманжол Сақыпұлы.

Жалпы аудан көлемінде өңдеу өнеркәсібі саласына айтарлықтай басымдық берілуде. Түрлі жобалар дайындалып, сала дамуына қызмет жасауда. Аудан әкімі брифингте осы бойынша атқарылған жұмыстарды мәлімдеп берді.

– 2024-2028 жылдар аралығында Бірыңғай индустрияландыру картасы, Жалпыұлттық жобалар пулы және өңдеу өнеркәсібі жобаларының пулында 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалардың ішінде биылғы жылы 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 3 жоба қолға алынуда. Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінде орналасқан индустриялық аймақтың жалпы жер көлемі – 16 гектарды құрайды. Аталған индустриялық аймақтан 2 жобаны іске асыру мақсатында жер телімдері табысталған. Олар: «Берекет» ШҚ – «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы. «Qazaq Camel» ЖШС-ның «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау» жобасы. Аталған жобалардан бөлек тағы 2 жобана жүзеге асыру ойда бар,- деді Аманжол Сақыпұлы.

5.jpg

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!