Ерсұлтан Темірұлы – Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейінің түлегі. Ол мектеп қабырғасында оқып жүріп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған олимпиаданың дайындық курстарында белсенділік танытып, марапатталады. Сонымен қатар, оның жазған жобасы SDU Университетінде өткен FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE жарысында үздік деп танылды.

Талантты жас Ерсұлтанның шығармашылық қабілеттері де жоғары бағаланады. Ол театр сахнасында Темірбек Жүргенов рөлін сомдап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл рөл арқылы ол ұлттық мәдениетті насихаттауға үлес қосты.

Ерсұлтан 2023 және 2024 жылдары «Жас лидер» форумының финалисі атанып, өзінің көшбасшылық қасиеттерімен ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, ол И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейдің үздік оқушысы ретінде көптеген жарыстар мен іс-шараларға қатысып, мектепті үздік тәмамдады. Ерсұлтанның жан-жақты дарындылығы мен жетістіктері жас талапқа қашан да үлгі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!