Атырауда тоғыз адам дөнерден уланып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласындағы «Афиша» фаст-фуд дүңгіршегінен дөнер жеген тоғыз адам уланып қалған. Олардың барлығы құс етімен дөнер жеген. Бірі дүңгіршекке барып жесе, енді бірі үйіне тапсырыс берген.

“Облыстық инфекциялық ауруханаға астан уланған тоғыз адам түсті. Атырау қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастап кетті. Тиісті бірнеше сараптамалар тағайындалды. Дүңгіршек өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал зардап шегулер дәрігердің қалағалауында”, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, уланғандардың ең кішісі екі жасқа да толмаған. Барлық науқастар дәрігерлердің қадағалауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!