Фото: Aikyn.kz
«АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» 16 млрд теңге аударады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісімге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна жасауға көндірген.
«ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Сондай-ақ бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласына жұмсалады, қалғаны Қарағанды облысына жұмсалады», – деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!