Фото: GOV.kz

Артық төлем дегеніміз не? – осыған  кішкене тоқталып өтсек.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25-желтоқсандағы №120-VІ заңының (Салық Кодексі) 101 бабына сәйкес – Артық төлем бұл салық төлемгер тарапынан көрсетілген салықтық есептілігі мен жасаған төлемдерінің арасындағы оң айырма болып табылады. Яғни, егер салық төлемгердің бет есебінде нақты артық төлемі қалыптасқан жағдайда, салық төлемгер төлемін есепке жатқызуға немесе кері қайтару мақсатында арнайы бекітілген өтінішін толтыру арқылы электронды түрде жолдауына болады.  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрін электронды түрде жүзеге асырудың негізгі мақсаты біріншіден халыққа тез әрі сапалы қызмет көрсету болса, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызбау болып табылады. 

Қазіргі таңда барлық өтініштер 100 пайызға  электронды түрде жүзеге асырылады. Салықтық өтінішті міндетті түрде ұсыну электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» қосымшасы арқылы  немесе «е – Salyq Azamat» қосымшасы  жүзеге асырылады.

Салық кодексінің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып өтініштердің қаралу мерізімі 5 жұмыс күні болып табылады, яғни өтініштің келіп түскеннен күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде қаралады.

Сонымен қатар, тоқталып өтетін жағдай бұл баж алымдарын, тіркеу алымдарын қалай және қандай жағдайда кері қайтарылады.

Салық төлемгер баж алымы бойынша  жасалған төлемдерін кері қайтару үшін заңдылықтарға сәйкес заңды күшіне енген сот шешімі, ұйғарымы немесе бұл төлем қате төлеген жағдайда уәкілетті жауапты органнан осы баж алымын қолданылмағандығын, ешқандай іс-шағым тіркелмегендігін растап берген анықтама қажет.

Сондай-ақ, тіркеу алымдарын кері  қайтару үшін жасалған төлемі бойынша уәкілетті жауапты органнан бұл төлемнің қолданылмағандығын, қызмет көрсетілмегендігін растап берген анықтамасы қажет.

Мемлекеттік баж, тіркеу алымдарына қате немесе артық төленген төлемдерін қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініші, яғни, Салықтық өтінішті міндетті түрде ұсыну электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» қосымшасыарқылы жолданып, салық органы берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.

Сонымен қатар, артық немесе қате төлемдеріңізді, баж алымдарын, тіркеу  алымдарын бюджеттен кері қайтару мақсатында Е-Өтініш порталы арқылы  өтініштеріңізді жолдау қажеттігі жоқ екендігін жеткізе отырып, өз өтініштеріңізді тиісті бекітілген 15- ші қосымшаны толтырып «Салық төлеушінің кабинеті және «е – Salyq Azamat» қосымшалары арқылы электронды түрде жолдау арқылы жүзеге асыра алатындықтарыңызды жеткіземіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!