«12 тамыз – Халықаралық жастар күні» қарсаңында қала және аудандардың барлық емханасында 18-29 аралығындағы жастарға профилактикалық қарап-тексерулер бойынша ашық есік күнін өткізді.

Бұл шараның мақсаты – жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Сонымен қатар, 5 тамыз күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Дені сау жас – ел болашағы» ұранымен көшпелі акция ұйымдастырылды.

Аталған акцияда жастардың медицина мамандарынан (жалпы тәжірибелік дәрігер, уролог, гинеколог, психолог, валеолог) кеңес алды!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!