Фото: instagram.com/grafinya_v_georgia
Атырау тұрғыны Грузия астанасындағы әйгілі ботаникалық бақта серуендеп жүріп, сирек кездесетін бамбукті бүлдіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанық турист бамбуктің діңіне есімінің бас әріптерін қашап жазған. Отандасымыздың бұл әрекеті айналасындағы адамдар мен Ботаникалық бақтың әкімшілігінің наразылығын тудырды.
“Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ ол еш қысылмастан әрекетін ары қарай жалғастыра берді”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Ботаникалық бақтың әкімшілігі қазақстандық туристің әрекетінен кейін көңілі қалғанын жеткізді. Олар Батумидегі бақтың туристер арасында танымал орын ғана емес, онда сирек кездесетін өсімдіктер сақталатын алаң екенін атап өтті.
Отандасымыз бамбук діңіне “Асланбек+Гүлайым” деп жазған.
100 гектардан астам аумақты алып жатқан Батумидегі ботаникалық бақ – көптеген ерекше өсімдіктер түрлері сақталған әлемдегі ең үлкен саябақтардың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!