Фото: www.nn-airport.kz
Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.
Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес, – делінген хабарламада.
Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.
Әуеайлақтағы ауа температурасы – 18 градус суық. Желдің жылдамдығы – 12м/с.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!