Биыл Астана қаласының еліміздің астанасы болып жарияланғанына 27 жыл болды. Осы жылдар ішінде Астана қаласы әлем мойындаған қалаға айналды.

Астана күніне орай ҚАЖ департаментінің №60 мекеме қызметкерлері Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасына барып, Елордамыздың тарихына көз жүгіртті.

Кітапхана ұжымы ҚАЖ департаментінің №60 мекеме қызметкерлеріне Астананың өткені мен бүгіні туралы тарихи деректермен таныстырды.

Іс-шара соңында №60 мекеме қызметкерлері кітапхана ұжымына өз алғыстарын айтып, рухани дамуларына үлесін қосып жатқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

Астана күніне орай №60 мекеме қызметкерлері кітапханаға барып, Елорда тарихына көз жүгіртті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!