Фото: аэропорт Астаны
Sputnik. Астанадағы әуежай екі сағатқа жабылды, деп хабарлайды елордалық әуе айлағының баспасөз қызметі.
«Бүгін сағат 16:00-де Токиодан Цюрихке 777-300ER бортында ұшқан Svr 161 Swissair авиакомпаниясының рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алуына байланысты шұғыл қонуға шешім қабылдады», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, ұшақ 16:00-де сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен жолақтан сырғып кеткен. Салдарынан сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын орындау үшін дабыл жарияланған.
«Астана әуежайы барлық рейс үшін екі сағатқа уақытша жабылды. Салдарынан тұрақты рейстер кестедегі уақытынан кешігуі мүмкін. Біз жолаушыларымыздан болуы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп хабарлайды әуежайдағылар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!