Фото: Zakon.kz

ШЫҰ саммиті қарсаңында Астана полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жасақ саны ұлғайтылып, бейнебақылау камералары арқылы бақылауға басымдық берілмек. Zakon.kz

Қалаға кіреберіс жолдарда тексеріс де күшейді. Бірақ азаматтардың шаһарға кіріп-шығуына еш кедергі жоқ. Ал электрлі самокаттардың жүруіне 5 шілдеге дейін тыйым салынды.

Ал Павлодар полициясы бір күнде 110 скутерді айып тұрағына қойды.

Себебі, жүргізушілерінің жасы 16-ға толмаған. Оның үстіне техниканың vin код паспорты, сертификаты болмаған. Микромобильді арнайы бас киімсіз жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл мотоциклдер енді иелеріне заң талаптарына сай құжат дайындап әкелгеннен кейін қайтарылады. Полиция дерегіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде мотокөліктердің кесірінен 14 жол-көлік оқиғасы болған.

Соның 7-уін кәмелеттік жасқа толмаған балалар жүргізген. Салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 -і жарақат алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!