Астанадағы аулалардың бірінде әйел екі бойжеткенді ұрып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыздың сөзінше, оқиға 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Бейбітшілік көшесінде болған. Жәбірленушінің сөзінше, әйел оның басы мен көзінен ұрып, қабағын жарып жіберген.

Ал Астана полиция департаменті аталған жағдай бойынша Сарыарқа полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!