Астанада көшеде кішкентай жиенін ұрып-соққан 17 жастағы қыз жазадан құтылды. Сот істі қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Оқиға адам көп жүретін көшеде болған. Анықталғандай, бойжеткен балабақшаға барғысы келмегендіктен, қызды осылай тәртіпке салмақ болған екен.

«Оқиғадан кейін бойжеткенге қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Оның кінәсі дәлелденгенімен, тараптардың татуласуына байланысты іс жабылды.

А. есімді азаматшаның қыздың ата-анасымен татуласуына байланысты сот қаулысымен іс өндірістен қысқартылды (ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-1-бөлігі). Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды көше ортасында теуіп, ұрып-соғып жатқаны туралы жазған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!