Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.
Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, 14 сәуірде сағат 18:23-те «102» арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады», – деді ведомство.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.
Фото: zakon.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!