фото: pexels.com

Мас ер адам подъезде әйнекті сындырып, өзіне жарақат алғаннан кейін 15 тәулікке қамалды. Астанада балта ұстаған ер адам көпқабатты үй тұрғындарының зәресін ұшырды. Жағдайға қалалық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Желіде пайда болған видео куәгерлерінің пайымдауынша, тұрғын үй кешендерінің бірінің кіреберісінде мас ер адам бір адамға шабуыл жасаған.

Мәселенің мән-жйаын қалалық полицияның баспасөз қызметінен анықтадық. Ведомство бұл дерек бойынша 31 жастағы ер адамның ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін мәлімдеді.

Анықталғандай, ол танысының пәтерінде болған, ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірге алкоголь ішкеннен кейін қолына құрылыс құралын алып, агрессив әрекетке барған, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері оның заңға қайшы әрекеттерінің жолын кескені нақтыланды.

Кейін подъезде жүрген кезінде әйнекті сындырып, соның салдарынан өзі кесілген жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді қалалық ПД.

Ер адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, елорда полициясының арнайы қабылдау орнына қамалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!