Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр», – деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!