Астанадағы саябақтың біріне баласымен серуендеуге келген депутаттың көңілі түсіп қайтқан SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы Ақордаға жақын Алатау саябағына серуендеуге шыққан депутат Абзал Құспан орыс тілінде шүлдірлеп жүрген ондағы қазақтарға ашуланды.

Видеода ол қазақ тілінде сөйлеспегені үшін саябақта бір үлкен кісімен сөзге келіп қала жаздағанын айтады.

«Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!», – деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.

Айтуынша, намыстанған депутат ол жерде баласымен көп серуендей алмапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!