Фото: Polisia.kz

Астанада бойжеткен дәмханадан ер адамның күртесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны кафедегі гардеробтан күртесінің ұрланғаны туралы полицияға арызданған.

Күдікті қыз үйіне қайтуға кетер алдында гардеробқа келіп, ол нөмірді жоғалтып алғанын сылтауратып, тіпті 2000 теңге айыппұл төлеген. Сөйтіп өзгенің қалдырған қымбат киімін алып, оны үстіне киіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қыздың әрекетінен келген шығын көлемі 400 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Бұл дерек бойынша ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!