Фото: anatili.kazgazeta.kz
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»
Бауыржан Момышұлы
Адамзат баласы пайда болғаннан бері белгілі бір тәртіппен, заңдылықтармен өмір сүріп келе жатқандығы белгілі. Алайда, эволюциялық даму деңгейіне байланысты өміңр сүру заңдылықтарының түрлі деңгейде болуы да түсінікті жағдай. Осындай жағдайцлардың қалыптасуына табиғи-географиялық ерекшеліктепрдің әсер етуін далалық, таулық, ормандық, тропикалық т.б. халықтар тобының өмір сүру салт-дәстүрлерінің, менталитеттерінің айтылмаған, жазылмаған заңдылықтарынан көреміз.
Қаншама ұлттың, елдердің, тіпті империялардың тарих аренасынан жойылып кетуінің де негізі айналып келгенде тәртіптің, қарапайым адами түсініктердің сақталмауы секілді толып жатырған себептерден екенін тарих дәлелдеп отыр.
Қазақ халқының «көршімен тату бол», «Алыстағы жақыннан, жанындағы көршің артық», «Туысқанның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деген ұғымдардың түсінігінің аясы өте кең екендігін көкірегі ояу, көзі қарақты адамдар жақсы түсінетіндігі белгілі. Тіпті осы тәмсілдер бүгінгі күні Халықаралық дипломатияда да өте өзекті болып отыр. Бүгінгі көрші елдер арасында қалыптасып отырған жағңдайлар халқымыздың адами қарым-қатынастар заңдылығын қаншалықты терең меңгергендігінің көрінісі.
Осындай дала дипломатиясын терең меңгерген Абылайхан (1711-1781 жж.), Әбілхайыр хан (1693-1748 жж.) секілді хандарымыз бен тағыда басқа қазақ тарихында ерекше рол атқарған тұлғаларымыздың іс-әрекеттерінің негізінде халөына, отанына деген шексіз сүйіспеншілігі мен белгілі бір тәртіп пен заңдылықтар тұрғаны айқын дүние.
Ел президенті, жоғары лауазымды мемлекет қызметкерлері, парламент депутаттарынеың ант беру рәсімі қазақ халқының рухани дүниесінде ерекше маңызы бар, ғасырлар тезінен өткен рәсім екендігін жақсы білеміз. «Ант ұрған немесе ант ұрсын» деген халқымыздың реніші кезіндегі наласы да кездейсоқ емес және бүгінгі көріністер ертеме кешпе осы жағдайдың орындалатынын көрсетіп отыр.
Біздің конститутциямызды ауыз-екі сөзімізде ата заңымыз дейміз, бірақ ресми түрдегі текстімізде жазылмағаны өкінішті, осы ата заң түсінігі негізін қазақша мазмұнда кеңінен түсіндіру арқылы біраз мәселені дау-дамайсыз, шешуге әбден болады. Тіптен Қазақстан аты да, Қазақ мемлекеті, Қазақ Елі секілді жайма шуақ, қанымды түсінікке айналатыныдығы және Ата заң аталуы тек қана қазақ халқына қатысты. Сондықтан орыс тілі туралы қарама-қайшылықтар өздігінен жойылуы тиіс. Орыс тіліне ресми статус берілуі қайта көпұлтты Қазақ елінде түсініспеушілік қалыптастырылуы әбден мүмкін.Сондықтан ел тыныштығын ойлаған әрбір азамат осы мәелеге түсіністікпен қарайды деген ойдамыз.
Ұлы Абай айтқандай, «өнерді үйрен де жирен» дегені, әрі қарай басқа өнерлерді үйрен, себебі олар ешқашан артықшылық еспейді деген пәлсапа екендігі айқын. Бірнеше тіл білу де өнер екендігін жақсы білеміз. Сондықтан, қытай, ағылшын, орыс т.б. тілдерді білу сіздің әлемдік өркениетке кіру мүмкіншіліктеріңізбен біәсекеге қабілеттілігіңіздің кепілі екендігі сөзсіз.
Халқымыздың өз тілін ана тілі деп атау философиясы басқаша әлем. Енді өз ана тілін менсінбейтін, сөйлеуге қорланатын, минтелитеттері мүлде басқаша қалыптасқан ағайын-бауырларымызға не айтамыз? Әлі де кеш емес деп өзімізді жұбатамыз. Ғылым дәлелдегендей, жан-жануар, құстар да өз тілдерінде сөйлейді екен.
Қазақ мәдениетінің жанашыры Ермек Тұрсынов адам мәдениетінің маңызы жөнінде айтудай-ақ жанайқайын қоғамға жеткізіп келеді. Мен айтар ем, мәдениет пен тәртіп егіз ұғым, ал тәртіпті реттейтін ішкі ұғыммен заң деп. Сондықтан конститутция күні қарсаңында барша қазақ қоғамын құттықтай отырып, тәртіппен заң үстемдік құрған мемлекет құруға ат салыспайық және тәуелсіздігіміз берік болсын!
Серікбай ӨМІРЗАҚОВ,
«Ауыл» партиясының»
Қызылорда облысы бойынша
өңірлік филиал төрағасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!