1 қазандағы жағдай бойынша 274 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АӘК кімдерге беріледі?

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту арқылы отбасын қиын жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда).

АӘК-ні қалай алуға болады?

Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ, электрон үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!