фото:“Адырна” ұлттық порталы
Прокуратура Атбасар колониясында азаптау туралы резонанс тудырған іс бойынша апелляциялық өтініш жасады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қылмыстық іс Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен қаралды.
Мәлімет бойынша, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің үкімі негізінде Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№1 мекеме» РММ-нің бұрынғы 12 қызметкері ақталды.
Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға азаптау әрекетін қолданғаны үшін айыпталған.
Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы, 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.
Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Қазақстандағы колонияда Тимур Дәнебаевтың қатыгез азапталуының видеолары әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Содан кейін қызметтік тексеру басталды. 6 қыркүйекте құқық қорғаушы Елена Семенова азаптаулар фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алқа билер соты Атбасар колониясындағы азаптау ісінде сотталушыларды ақтағаннан кейін Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) азаптауға қарсы коалициясы бас прокурор Берік Асыловқа жүгінген болатын. Олар белсендіні азаптау туралы оқиға видеодан кейін ғана белгілі болғанын, ол бейнеде колония қызметкерлерінің тұтқынды азаптағаны анық көрінетінін атап өткен.
Атбасар түрмесінде Тимур Дәнебаевты азаптағандар ақталып кеткен. Іс алқабилердің қатысуымен қаралған. Қылмытсық атқару жүйесінің бұрынғы 12 қызметкерінің бәрі ақталып шықты. Қамауға алынған үш адам босатылды. Қазір барлық ақталғандар «заңсыз қылмыстық қудалау» үшін өтемақы талап етуге құқылы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!