Атқарушылық іс жүргізу – сот шешімдерін, әкімшілік актілерді және басқа да құқықтық құжаттарды мәжбүрлі түрде орындау процесі. Бұл жүйе сот төрелігінің нәтижелі орындалуын және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы атқарушылық іс жүргізудің тәртібін, шарттарын және сот орындаушыларының құқықтары мен міндеттерін реттейді. Бұл заң азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында шығарылған сот актілерінің орындалуын қадағалайды.

Атқарушылық құжаттар – сот шешімдерін орындауға негіз болатын негізгі құжаттар. Олар мүліктік немесе мүліктік емес сипатта болуы мүмкін. Мүліктік құжаттар негізінен борышкерден ақша немесе мүлік өндіріп алуға бағытталған болса, мүліктік емес құжаттар белгілі бір әрекеттерді орындауға не орындамауға міндеттейді.

Сот орындаушы – бұл атқарушылық құжаттарды орындау үшін жауапты тұлға. Сот орындаушылар мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Олардың міндеттері сот актілерін орындауды қамтамасыз ету, борышкерлерден қарызды өндіріп алу және мүлікке қатысты дауларды шешу болып табылады. Сот орындаушылар заң аясында әрекет етіп, құжаттардың орындалу мерзімін қадағалап, қажетті шараларды қолданады.

Атқарушылық іс жүргізу сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтарын қорғайды. Бұл процесс сот актілерінің тиімді орындалуына ықпал етіп, құқықтық жүйенің тұрақтылығын арттырады. Атқарушылық іс жүргізу – құқық қорғау органдарының маңызды бөлігі болып табылады.

Қорытындылай келе, атқарушылық іс жүргізу және сот орындау – сот жүйесінің маңызды саласы. Оның тиімді жүзеге асырылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізі болып табылады, ал сот орындаушылардың кәсіби қызметі бұл процестің сәтті орындалуына тікелей әсер етеді.

Ж.Нағашыбай,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!