Атқарушылық іс жүргізу – бұл борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.
Атқарушылық іс жүргізу әрекеттері бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануды Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік және жеке сот орындаушылар жүргізеді.
Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптеріне: заңдылық, атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық, өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы, өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы, атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу, сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
А. Әліпбеков, Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
