Атқарушылық іс жүргізу туралы және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңының 27-бабында көзделген нормалармен сот орындаушысының атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекет жасауға және қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы.
Аталған Заңның 32-бабы талаптарының негізінде сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда прокурордың санкциясы мен тыйым салуға міндетті. Дегенмен Заңның 63-бабымен мүлікке тыйым салу тәртібі белгіленген. Мүлiкке тыйым салу кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тиесiлi екенiн және ондағы ауыртпалықты анықтайды.
Борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.
Ж.САТКЕЕВА,
сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!