Атырау облысында тас жолда екі автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алып 4 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

17 маусым күні  республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992ж.т., көлік жүргізушісі мен 2001ж.т., жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971ж.т. Toyota Camry көлік жүргізушісі  алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді”, – деп қосты полиция.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден тас жолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларын сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!