Фото: видеодан скриншот

Атырау облысындағы Жайық өзенінен тағы бір ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, 20-25 жас аралығындағы жігіт болуы мүмкін. Азиялық келбетті жігіттің денесін құтқарушылар судан алып шыққан.

Өлімге не себеп болғаны әрі ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!