Атырауда 12 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті. Айзия Бахаеваны соңғы рет 27 маусым күні көрген. Екі күннен бері қыздан ешқандай хабар жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айзияның туысы Аружан Жахияеваның айтуынша, қыз 27 маусым күні «Еламан» дүкенінен шығып бара жатқан кезде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Айзия ешқашан ескертусіз кетпейтін, үнемі байланыста болатын. Ал қазір оның телефоны сөндірулі, оған хабарласа алмай отырмыз. Әдетте ол спорттық киім мен кроссовки киіп жүретін. Мінезі де өжет, пысық. Бірақ сол күні ол күтпеген жерден көйлек киіп кетіпті», – дейді Аружан Жахияева.
Қыздың туыстары оның жоғалғаны жөнінде шағым түсірді. Қазіргі уақытта оны полиция қызметкерлері іздеуде. Айзия Бахаеваны көрген-білгендер болса, мына телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 775 917 19 69 немесе 102.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!