Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото:тSputnik / Владислав Воднев

Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-да болған.

Төрт жасар кішкентай сәби бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала  есін жимастан оқиға орнында жан тапсырған, – делінген хабарламада.

Полиция бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалмауына қатысты 141-бабына сәйкес алдын ала тергеуді бастады.

Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер тергеу мүддесін алға тартып, оқиғаның жай-жапсарын жариялаған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!