Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз.

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қарамастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

«Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр», – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!