тырауда әткеншек құлап, балалар зардап шекті. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.

«Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!