Атырау облысындағы емдеу мекемесінде лифт істен шығып, ішінде ата-атаналар балаларымен бірге қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress баслымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеделсаты ішінде болған адамдар оқиғаны видеоға түсірген.
«Құдай сақтап өлімнен аман қалдық. Есікті ашсақ, шахта көрініп тұр», – деді ата-ананың бірі.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі лифтте болған жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 кг, яғни 8 адам. Лифт есігінің сыртында тек “Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту қағазы тұрғанымен, пациенттердің ата-аналары оны ескермей, 10-нан астам адам лифтке мінген. Шамадан тыс жүктеме болғандықтан, лифт уақытша істен шықты. Сағат 11:20-да техникалық ақау реттеліп, лифт қайта іске қосылғанын хабарлаймыз», – деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!