Әлеуметтік желіде Атырауда балалы отбасы қоқыс арасында өмір сүргені туралы видео тарады. Полиция жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атыраудағы көпқабатты үйдің тұрғындары көрші пәтердегі жағымсыз иіс пен санитариялық жағдайға байланысты полицияға хабарласқан.
«Тексеріс барысында полиция пәтер тұрмыстық қалдықтарға толы екенін, санитариялық талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады. Пәтерде кәмелетке толмаған екі бала болған. Балалар қолайсыз отбасынан полицияның бақылауына алынды. Оларды уақытша бейімдеу орталығына орналастыру үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, шара қабылданып жатыр», – деді облыстық ПД өкілі.
Полиция баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
