Фото: видеодан скриншот
Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларының шешімдері негізінде іздеуде жүрген борышкерлерді анықтап жатыр.
«Былтар Атырау облысында жүзден аса борышкерге іздеу жарияланды. Қызметкерлер 79 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады. Олар арнайы есептен шығарылды. Іздеудегі борышкерлер қатарында Қазақстан азаматтарымен қатар, шетелдіктер де болды», – деп түсіндірді облыстық полиция департаменті өкілдері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!