Атырауда 12 жастағы бала Жайық өзеніне батып кетті. Деректерге сай ол рұқсат етілмеген жерге шомылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырауда рұқсат етілмеген жерге шомылған 12 жасар бала суға батып, көз жұмды

Оқиға 7 шілдеде сағат 13:16-да болған. 12 жастағы бала Жайық өзеніне батып кеткен.

«Ол суға түсуге болмайтын жерде шомылған. Іздеу жұмыстарына үш адам мен екі техника жұмылдырылды. Сағат 14:54-те ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды», –  делінген департаменттің бапасөз хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!