Құрылысы заңсыз деп танылған төрт тұрғын үй кешенінің 40-қа жуық үлескері Атырау облыстық сотының ғимаратының алдында митинг ұйымдастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Azh.kz хабарлауынша, үлескерлер 2019 жылы «Байсанат», «Saraishyk», «Qazanat», «Family Town» ТҮК салып жатқан «Saraishyq invest group» компаниясымен келісімшарт жасасқан. Тұрғын үй 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді, алайда құрылыс орта жолда тоқтап қалған. Себебі,  бұл кешендерді салуға рұқсат болмаған.“Мен 2019 жылы «Saraishyk» тұрғын-үй кешенінеy 27 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін ақша салдым. Содан бері 4 жыл өтті, ешқандай үй де, ақша да жоқ. Біз төрт ай бұрын полицияға арыздандық, алайда, тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқаны бізге ашық емес. Естуімізше, біздің ақшамызды алған құрылыс компаниясының құрылтайшылары үйқамақта жүрген көрінеді. Сонда олар кінәлі болғаны ғой? Біз тергеудің ашық болуын сұраймыз”, – деді үлескер Жоламан Кухаев.Осылайша, тұрғындар кооператив құрылтайшыларына қатысты тергеліп жатқан істің соңы сұйылып кеткеніне наразылық білдірді.»Кооперативтің келісім-шартта жазған уәдесі бойынша біз осыдан үш жыл бұрын баспаналы болуымыз керек еді. Бір ғана Saraishyq development кооперативіне жүздеген адам ақша аударды. Арамызда бірден екі пәтердің ақшасын алдын ала толықтай төлеп тастағандар да бар. Үйден үміт жоқ. Себебі оны салып бітіру енді мүмкін емес. Салымшылар өз ақшасына күзетші жалдап отыр. Соған қарамастан қараусыз жатқан құрылыс нысаны тоналып, әбден күйі кеткен. Ең болмаса, алаяқтық жолмен алынған ақша неге жеделдетіліп қайтарылмайды? Сондықтан, біз, салымшылар құзырлы органдардан кінәлілерді жазалап, шығындарын өтеп беруге көмектесуді сұраймыз», – дейді зейнеткер Сәулеш Шайхиева.

Әкімдік үлескерлердің мәселесін шешпеуі керек – сарапшыларҮлескерлердің сөзінше, көпшілігі аталған тұрғын үй кешендерінен жаңа үй алу үшін тұрып жатқан пәтерлерін сатып жіберген.Динара Ержанова «Saraishyk» тұрғын-үй кешенінен 15 млн теңге тұратын 2 бөлмелі пәтер сатып алу үшін 11 млн қаржы салған.  “Осы үшін үйімізді сатып жібердік. Білуімше, осы 4 тұрғын үй кешені бойынша 300-ге жуық адам да дәл осылай жасаған. Ішінде балалы жастар да, зейнетақыға қарап отырған ардегерлер де бар. Қазір біріміз пәтер жалдап, біріміз туысқандардың үйін жағалап жүрміз. Ал әкімдіктегілер бізге «құрылыс салуға рұқсаты бар ма?» деп сұрамадыңдар дейді. Қаланың ортасынан 4 бірдей тұрғын үй кешені салынып жатқанда, олар көрмеді ме? Бұған билік тарапынан бақылау болмайтын ба еді? ГАСК қайда қарады?- дейді Динара Ержанова.Оның айтуынша, салымшылар «Байсанат» ТҮК-не 1,5 млрд теңге қаржы салған. Алайда тоғыз қатарлы болу керек үйдің тек үш қатары көтерілген. «Байсанат» ТҮК-де бір пәтерді құрылыс компаниясы 2-3 адамға сатқан деген ақпарат бар.»Заңсыз құрылысқа дер кезінде неге тосқауыл қойылмады?» деген сұраққа Атырау облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Нариман Биғали жауап берді.“Салымшылардан шағым түспесе, біз тексеріс жүргізе алмаймыз. Бізге ешқандай шағым түспеді. Тұрғындар тек полицияға арызданған. Заң жүзінде құрылыс компаниясы тұрғын үйдің эскиз жобасын бізден сараптамадан өткізіп, рұқсат хабарламасын алуы тиіс. Олар рұқсат құжатын алмады”, – деді ол.Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған жағдай бойынша қазір үш күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.“190 жәбірленушінің арызына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 195-бабы («Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру»), сондай-ақ 190-баптың 4-бөлігімен («Аса iрi мөлшердегі алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!