Фото: instagram.com/oshakbayev

Хабар арнасындағы дауға айналған «Бірақ» ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев мәлімдеді. Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтердің берілген сәтін, кейіпкердің көзіне жас алғанын көруге болады.

Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.

Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл «Қорғау Астана» дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай. 

Еске салсақ, 2024 жылдың наурыз айында Гүлмира Смаилова «Хабар» телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бірақ» ток-шоуына қатысқан еді. Ток-шоу ұжымы Гүлмираның рұқсатынсыз тікелей эфирге кейіпкердің бұрынғы күйеуін алып келіп, татуласуға шақырған. Әйелді ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген бұрынғы күйеуімен татуластырмақ болған журналистердің әрекеті халықтың ашуын тудырды. Кейіннен мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам наразылығынан соң «Бірақ» ток-шоуының жабылғанын мәлімдеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!