«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Ақмола облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

22 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қарағандыда 22 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!