Жетісу облысы Көксу ауылында әкім 12 жасар баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2 қарашада Көксу әкімі Әлия Бақтиярова көлікпен 12 жасар баланы қағып кеткен деген күдікке ілінді. Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырған.

Желіде тараған ақпарат бойынша оның атына хаттама толтырылған, алайда шенеунікті полиция қызметкерлері үйіне жіберген.

“12 жасар бала Hyundai Creta көлігінің астына түсіп, көз жұмды. Көлікті 39 жастағы әйелдің басқарғаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Шетелдік машина арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу облыстық анықтау басқармасының бақылауында”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!